Кітапхана жайлы


C. Сейфуллин атындағы кітапхана тарихы

1973 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Советінің 1973 жылғы 23 сәуірдегі №228 қаулысына сәйкес, 1 тамыздан бастап, облыстық әмбебап кітапханасы 11 штатпен құрылды. 1973-1975 жылдары кітапхананың алғашқы директоры Белғожанова Роза Рысқанқызы болды. 1976 жылы кітапхана директорының басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа директор болып Молдағайынова Гүлжаухар Аухатқызы тағайындалды. 1977-1988 жылдары директордың Алматыға ауысуына байланысты кітапхананы Құрманбаева Мәрзия Жалмұқанқызы басқарды. 1980 жылы қаламыздың кітапханалары бір орталыққа көшірілді. 2857000 дана кітабы бар 268 кітапхана біріктіріліп, 12 орталықтандырылған кітапхана жүйесін құрды. Олардың 208900 оқырманы болды, кітап берілімі 4294900 құрады.

1988 жылы қараша айынан бастап кітапхана директоры болып Кәриева Кәбира Кәриқызы тағайындалды.

1990 жылы кітапхана жалпы көлемі 1436 шаршы метрлік Есенберлин көшесі 9а үйінде орналасқан, жаңа ғимаратқа көшірілді. Кітапхана штаты 47 адамға өсті, облыстық кітапхана 295 кітапханаға әдістемелік көмек көрсетті.

1994 жылы Жезқазған облыстық атқару комитетінің Қаулысымен қазақтың біртуар ұлы, қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің аты кітапханаға берілді.

1997 жылы Жезқазған облысының жабылуына байланысты Қарағанды облысының әкімшілігі мәдениет басқармасының 1997 жылы 9 маусым айындағы № 35 бұйрығына сәйкес, 25 штатпен С.Сейфуллин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы болып қайта құрылды.

2002 жылы «Библиотека-4.02» кітапханалық электрондық бағдарлама кіргізіліп, электрондық каталог жұмысы басталды.

2003 жылы Республикалық ұлттық кітапхана шығарған «Қазақстанның музыка мұрасы» атты электрондық оқулықтың тұсау кесер рәсімі болды. Кітапхана қызметкерлері ХIV «Ұлытау үні» фестивалінің аясында өткізілген «Ауылым-алтын бесігім» атты республикалық айтысқа арнап «Сарқылмас қазына» атты кітапша шығарды.

2004 жылдары «Заң» электрондық бағдарламасы енгізілді.

2004 жылы «РАБИС» республикалық электрондық бағдарламасы игерілді. Кітапхана Интернет желісінеқосылып, оқырмандарға есігін айқара ашты. Электрондық поштамен жұмысы жүргізілу басталды.

2004 жылы Кітапхана директоры Кәриева Кәбира Кәриқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.

2006 жылы 8 қараша айынан бастап С.Сейфуллин атындағы қалалық әмбебап кітапханасын Шәрипа Құрманқызы Капкеева басқарып келеді.

2006 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия атты дискінің тұсаукесері болды. «Power Point» бағдарламасы кітапхана жұмысына енгізілді.

2007 жылдары «Құқықтық -ақпараттық» орталық ашылды. Әкімшілік сканер мен принтермен жабдықталған екінші түрдегі қоғамдық қолжетімді тіректерді орнатты. Бұл терминалдар Үкіметтің сайтына еркін кіруді қамтамасыз етеді. Жоғарғы жылдамдықтағы «Megaline» жүйесіне қосылды.

2008 жылы кітапханада оқу залына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша кітапхана төбесі және мәжіліс залы толық ағымды жөндеуден өтті.

2009 жылы «Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс» бөлімі және «Ақпаратты-библиографиялық» бөлім қайта құрылды.

2010 жылдың 1 сәуірінен бастап Қала әкімінің шешімімен «Кітапханаларды қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі болып қайта құрылды.

2010 жылдың 1 сәуірінен бастап С.Сейфуллин атындағы кітапханасы «Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану қоры», «Кітапхана ісін автоматтандыру» бөлімдерімен толықтырылды.

ОКЖ-нің құрамына 11 кітапхана кіреді. Қалалық - 6, оның ішінде 2-і үлгілі кітапхана-филиалы және 5-і селолық кітапхана-филиалдары, оның ішінде 1-і үлгілі кітапхана-филиалы .

2010 жылы Халқымыздың ардақты азаматы Алаш арысы, қоғам қайраткері ақын С.Сейфуллиннің атымен аталатын кітапхана алдына Сарыжайлау мәдени-сауықтыру мекемесінің алдындағы мүсін әкеліп қойылды.

Балқаш ОКЖ-нен екі кітапхана қызметкері Қ.Т.Елубекова және Б.Қ.Мусина іс- тәжірибе алмасып келді.

2011 жылы ОКЖ директоры Ш.Қ. Капкеева «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен, Тәуелсіздіктің 20 жылдық медалімен марапатталды.

Қалалық әкімінің «Жыл кітапханашы» номинациясымен 100 000 теңге ақшалай сыйақысымен Ғ.И. Ғазизова -«Ақпаратты-библиографиялық» бөлімінің библиографы, «Ауылдың үздік» кітапханашысы және 100 000 теңге сыйақысымен №3 кітапхана-филиалының кітапханашысы М.Т. Қасымбекова марапатталды.

Дауылпаз ақын С.Сейфуллиннің ұрпағы Мәжиттің қыздары: Рымжан, София, кіші қызы кітапхана келіп, ақын С.Сейфуллинға арналған «Тұғыры биік тұлға» атты 6 дана кітапты сыйға тартты.

Журналист, көсем сөз шебері К.Жолдыбай шығармашылық кешіне келген Мереке Құлкенов, Толымбет Әбдірайым кітапханадағы кездесу кешіне қатысып, К.Жолдыбай «Өткен күнде белгі бар», «Притяженье Родины», Т.Әбдірайым «Аққоянның үйшігі» атты кітаптарын сыйға тартты.

2012 жылы Қарағанды облысының жас кітапханашыларының I -Форумы аясында «Жас кітапханашылардың инновациялық жобалар» байқауына кітапханашы М.Джумадуллаева «Құнды кітаптар әлеміне саяхат» атты жоба дайындап, 1-орын алды.

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырумен өткен облыстық «Ең үздік ауыл кітапханасы» байқауынан ОКЖ-нің №3 Теректі кітапхана -филиалы «Өзгеріс жолындағы кітапхана» номинациясымен және ноутбукпен марапатталды.

Кітапхананың веб сайты: www.zhezbiblioteka.kz ашылды.

Астана қаласында өткен «Кітапхана және уақыт: жаңа мүмкіндіктер» атты Қостанай облысының күніне Х.Т. Изтулеуова мен Қ.Т.Елубекова қатысып келді.

Қарағандыдағы Абай атындағы облыстық кітапханасы «Кітапхана - өлкетанушылық ақпарат орталығы», Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Жастар және кітапхана: ақпарат қоғамында сұхбат» атты семинарлар келіп өткізді.

«Ұлытау кітапханасы» сериясын насихаттау мақсатында «Бір өлке - бір кітап» акциясы жарияланды. Әліде жалғасуда.

№2, 9 үлгілі кітапхана -филиалдарының арасында «Модельді кітапхана -әлеуметтік даму айнасы» атты сайыс ұйымдастырылды.

ОКЖ-нің « Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс» бөлімінің ұйымдастырумен №5 Кеңгір елді мекеніндегі кітапхана -филиалында «Мәдени мұра - ауылдық кітапханада» атты көшпелі семинар - тренинг өтті.

ОКЖ-сімен, Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімі «Кітапхана - даналық мекені» атты қалалық деңгейде семинар - конкурс өткізді.

ҚР ұлттық кітапханасының грамотасымен Балбөпе Кадикенқызы Мусина - Кітап қорын толықтыру өңдеу бөлімінің жетекшісі марапатталды.

Қарағанды облысының әкімінің Құрмет Грамотасымен Қайыргүл Тұяқбайқызы Елубекова - Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің жетекшісі марапатталды.

Қалалық әкімінің «Жыл кітапханашы» номинациясымен 100 000 теңге ақшалай сыйақысымен Нұрышова Роза Абылханқызы - ОКЖ-нің Балалар жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, Алимбаева Назымқыз Райқұлқызы -Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімінің жетекшісі марапатталды.

Жезқазған қалалық мәслихаттың алғыс хатымен Назымқыз Райқұлқызы Алимбаева -Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімінің жетекшісі марапатталды.

2013 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырумен Ұлытау ОКЖ негізіндегі «Кітапханалық өлкетануды дамытудың заманауи үрдісі» көшпелі облыстық семинарға, «Мен оқимын! Біз оқимыз! Барлығымыз оқимыз! ақциясына Қ,Т.Елубекова, Р.А.Нұрышова, К.А.Бекетова қатысып қайтты.

ОКЖ-нің «Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс» бөлімінің ұйымдастырумен №9 үлгілі кітапхана -филиалында «Кітапхана жаңа ақпараттық кеңістікте» атты көшпелі семинар өтті.

ОКЖ-не қарасты С.Сейфуллин атындағы кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсететін бөлім, Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және М.Әуезов атындағы кітапхана - филиалының арасында «Білікті маман - білімнің көшбасшысы» атты сайыс ұйымдастырылды.

Дүниежүзілік кітаптар және автор құқығы күнінде «Жаһандану рухани қазынаға қауіпті ме? атты ток -шоуда ұзындығы 2,80 метр Мұнара бой көтерді. (Мұнара кітапхана қорынан шығысқа шыққан және оқырмандар сыйға тартқан 3000-ға жуық кітаптармен жасалды)

Жазушы А.Қаражігітовтың 90 жасына орай «Шабысынан тынбаған тұлпар» атты электрондық оқулық шығарылды.

«Бір өлке - бір кітап» акциясының аясында Ө.Мұқанұлының «Бабалар тағылымы» кітабына арналып «Ұрпақтарға із тастаған ұлағатты» атты әдеби отау ұйымдастырылды және «Өлкенің қамын, елінің елдігін ойлаған - Ұлытаудың Ұлары» атты бейнебаян жасалынды.

Жезқазған қалалық әкімінің «Мәдениет және өнер саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясымен 200 000 теңге ақшалай сыйақысымен Шәрипа Құрманқызы Капкеева- Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-нің директоры, «Жыл кітапханашы» номинациясымен 100 000 теңге ақшалай сыйақысымен Қайыргүл Тұяқбайқызы Елубекова - Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің жетекшісі марапатталды.

Қалалық әкімнің, қалалық маслихаттың Құрмет Грамоталарымен Балбөпе Кадикенқызы Мусина марапатталды.

Қарағанды облыстық филиалы Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет Грамотасымен Манат Зиядинқызы Джумадуллаева марапатталды.

2014 жылы С.Сейфуллин атындағы кітапхана толық күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Күрделі жөндеу жұмысына Республикалық бюджеттен 51000,0 теңге бөлінді.

Ұлттық Академиялық кітапхананың ұйымдастырумен еліміздің басқа облыстарының кітапханаларынан келген жас мамандардың қатысумен С.Сейфуллин атындағы кітапхананың мәжіліс залында «Дәстүрді сақтай отырып, болашаққа талпыну» атты семинар өтті.

Кітапхана саласының майталманы, білікті басшы Мәрзия Жалмұқанқызы Құрманбаеваға арналған «Ізің бар жарық күнде көксейтұғын» атты еске алу кеші өткізілді, «Өмірін қызметімен өрнектеген» атты бейнеролик, «Ұрпақтарға із тастап ұлағатты» атты әдістемелік құрал шығарылды.

ҚР -нің мәдениет қайраткері, соғыс ардагері Қалкен Макенбайұлының 90 жылдығына С.Қожамқұлов атындағы сазды драма театрының фойесінде «Мәдениетті шыңға өрлеткен тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жас мамандардың біліктілігін арттыруға арналған «Жас маманның шеберлігі - білімділігінде» атты кітапханашылар сайысы өтті.

Шығыс Қазақстан облысының А.С.Пушкин атындағы кітапханасының басшылығымен ұйымдастырылған «Абыз тұлға, аңыз тұлға - Кетбұқа» атты онлайн -конференциясы Қ.Сәтбаев атындағы музейде өткен іс-шараға С.Сейфуллин атындағы кітапхана қызметкерлері қатысты. А.С.Пушкин атындағы кітапханаға 15 цифрланған құжаттың электрондық нұсқасы жіберілді.

«Бір өлке - бір кітап» акциясының аясында Б.Әлеуханұлының «Қолымда менің қалам бар» кітабына арналып «Алашыма арнадым жарқын өлең» атты жыр кеші ұйымдастырылды және «Өмір ыстық өзіңдей жақсылармен» атты бейнебаян жасалынды.

Кітапханашыларға арнап «Кітапханаларда көпшілік жұмыстардың жаңа формалары» атты әдістемелік құрал шығарылды және zhezbiblioteka.kz - сайтына салынды.

Қарағанды облысы әкімінің Құрмет Грамотасымен Қуаныш Мұхаммедияқызы Умбеталиева марапатталды.

Жезқазған қаласының 60 жылдық медалімен Калия Аубакирқызы Бекетова - Ақпараттық - библиографиялық бөлімнің жетекшісі марапатталды.

Жезқазған қалалық әкімінің «Жыл кітапханашысы» номинациясымен 100000 теңге ақшалай сыйақысымен Халысқаным Төребайқызы Ізтілеуова - Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі, «Ауыл мәдениетінің үздігі» номинациясымен 100 000 теңге ақшалай сыйақысымен Нәзира Тілеубайқызы Смағұлова - №5 Кеңгір кітапхана - филиалының кітапханашысы марапатталды.

Қалалық әкімнің Құрмет Грамотасымен Калия Аубакирқызы Бекетова - Ақпараттық - библиографиялық бөлімнің жетекшісі, Балқия Асаубаева - № 9 үлгілі кітапхана -филиалының меңгерушісі марапатталды.

Қалалық маслихаттың Құрмет Грамотасымен Капиза Бөртебаева марапатталды.

2015 жылы «Менің Қазақстаным» поезімен Қ.Р. Ұлттық академиялық кітапханасынан Ғалия Бөкейқызы бастап келген өкілдер, журналистер, әншілермен Жезқазған тарихи - археологиялық мұражайының көрме залында кездесіп, ОКЖ-нің жасалған «Біздің ел, Мәңгілік ел - Қазақ елі» атты кітап көрмесімен таныстырылды.

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырумен Жезқазған ОКЖ негізінде «Кітап оқуды қолдау және дамыту: заманауи талаптар» атты облыстық жылжымалы семинар өтті, семинарға Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау ОКЖ - нің кітапханашылары қатысты.

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының ұлы ақын А.Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған «Дананың сөзі - ақылдың көзі» атты кітапханалық блогтар байқауының аясында ұйымдастырған «Абай әлемі» блогы жеңімпаз дипломмен кітапхана марапатталды.

Кітапхананың веб сайт: zhezbiblioteka.kz жұмыс жасайды. 2015 жылы сайттың дизайны толығымен өзгертілді. Өлкетану бөліміне: «Жезқазған көшелері», «Мәдени орындар», «Ұлы Отан соғысының ардагерлері» тарауларымен толықтырылды, Акциялар, клубтар бөлімі ашылды. Өлкетану бөліміндегі өлке газеті ««Жезказганский вестник» тарауы апта сайын электрондық нұсқасы салынып отырады.

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы КММ-сі, Облыстық мәдени -сауық және халық шығармашылығының ғылыми -әдістемелік орталығы КМҚҚ-сі бастамасымен 2014 жылы Қарағанды ЖШС «Қарағанды ЖШС «Қарағанды полиграфиясы» баспасынан екі тілде жарық көрген «Өр үмітті жастар» кітабының тұсау кесері өткізілді. Кітапқа өлеңдері кірген жезқазғандық оқырмандар: Маннап Дархан Нұрланұлы, Медетова Диана Медетқызы, Мұханбетрахым Айдана Еркінқызы, Сәбитова Іңкәр Жұмағалиқызы,Тұрсынов Бахтияр Төлеуұлы, Серова Александра Витальевна.

ОКЖ-нің С.Сейфуллин атындағы кітапханада ақын, жазушыларға арналған «Қаламгерлер» клубы бой көтерді.

«Бір өлке -бір кітап» акциясы аясында «Ұлытау кітапханасы» сериясы бойынша шыққан «Жанарымда жаз күліп» атты кітабын насихаттау және ақынның мерейтойына орай ақын, журналист Сара Смағұлға арнап «Жас толқын» поэзия клубы «Қаламгерлер клубымен» бірлесіп «Жүрген жолым-өмірімнің өрнегі» атты кеш өткізілді. Ақынның өмірінен сыр шертетін «Адамдықтан айнымау-зор құндылық» атты видеоролик шығарылды.

Қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен өткен 25 жылдық тарихы бар «Ұлытау үні» фестивалінде «Ұлытау үні: ширек ғасырлық шежіре» атты кітап панорамасы, Халықтар достығы мен мәдениет үйінің фойесінде Астана күніне «Астана - руханият пен мәдениет орталығы», Конституцияның 20 жылдығына «Тәуелсіз елдің тұғыры - Ата Заң»,1-желтоқсан Президент күніне«Еңсесі биік елдіктің ерен ері»,16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне«Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» атты кітап панорамалары ұйымдастырылды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын. Осыған орай «Нұрлы жолмен жаңа белестерге»атты жаңа кітаптардың тұсау кесуі ұйымдастырылды. «Қазақ елі - Мәңгілік ел», «Бір ел - бір кітап» ациясы бойынша І.Есенберлинге арналып «Тарихы терең, тағдыры кемел халықпыз», «Даңқты адамдар», «Заңға құрмет», «Сиқырлы әлем» атты кітап көрмелері оқырмандарға насихатталды.

Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастырумен рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз кітап пен кітапхананың оқырман өміріндегі орнын жеткізу мақсатында жазғы демалыс кезінде ашық аспан аясында №3 кітапхана-филиалында ст.Теректіде, №5 үлгілі кітапхана-филиалы с.Кеңгірде, №6 кітапхана-филиалы с.Талапта «Село кітапханасында: кітапханалық қызмет көрсету ұйымдастыру»-көшпелі практикум өткізілді. Іс-шараның қызықты өтуіне С.Сейфуллин атындағы кітапхана: Ұлы Абайдың 170 жылдығына «Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол» - жыр алаңы (Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімі); Қазақ хандығының -550 жылдығына «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы» - дартс ойыны (Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі); Кетбұқа жыраудың 865 жылдығына «Абыз тұлға, аңыз тұлға - Кетбұқа» кітаптың беташары (Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі), М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалы: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына «Ұлы Жеңіс шырағы! - викторина «Оригами», № 2 үлгілі кітапхана -филиалы: Балалар энциклопедиялары бойынша «Ғажап деректер» - Open Air сәті, №7 кітапхана-филиалы: «Бір ел- бір кітап» - акциясы бойынша І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романы бойынша - әдеби лото, № 9 үлгілі кітапхана -филиалы: Ассамблеяның 20- жылдығына «Достықты паш еткен» - ұлттық ойын алаңын ұйымдастырды.

Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, кемеңгер ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абайдың 170 жылдығына және ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының дауылпаз ақыны, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал - серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай «Ұлылықтың күн шуақты кемеңгерлері» атты жыр отауы ұйымдастырылды.

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы грамотасымен Шынар Мұратбекқызы Ибраева- Оқырмандарға қызмет көрсететін бөлімнің кітапханашысы марапатталды.

Жезқазған қалалық әкімінің «Жыл кітапханашысы» номинациясымен 100000 теңге ақшалай сыйақысымен Балқия Асаубаева - № 9 үлгілі кітапхана -филиалының меңгерушісі марапатталды.

Жезқазған қалалық әкімінің Құрмет Грамотасымен Анар Жамантайқызы Махмутова- М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалының меңгерушісі, Жезқазған қалалық мәслихаттың Құрмет Грамотасымен Орал Абылхасенқызы Сағынтаева - Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы марапатталды.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы: «ХХІ ғасырдағы ұлттық кітапхана: өзгеріс және серпінді даму» атты кітапханашылардың Халықаралық Конгресі өтті. Айтулы Халықаралық Конгреске ОКЖ-сінің директоры Шәрипа Құрманқызы Капкеева қатысты.

Жезқазған қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Көк сандықшаның саяхаты» Халықаралық жобасының қарсы алу акциясы ұйымдастырылды.

ОКЖ-сі корпоративтік желіге қосылды. Бүгінгі күні: 5 қалалық кітапхана корпоратив желіге қосылды. Оның ішінде М.Әуезов, БЖК , №9 ,№2 үлгілі кітапханаларына библиографиялық жазбаларды жазуға мүмкіндік туды. Қалған кітапханалар эскпорт-импорт арқылы жұмысын жалғастыруда.

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің және Мәслихатының депутаттарын сайлауына қатысты 1 наурыз күні мысты шаһар Жезқазған қаласына үгіт-насихат поезді атбасын тіреді. Осы іс-шара аясында Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, насихатталды.

«Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған халықаралық форум аясында тарих тағылымы: «Мәңгілік Ел Патриоттық актісі - азаматтық бірегейлік кодексі» атты дәріс С.Сейфуллин атындағы кітапханасында өтті.

Қаламгерлер клубының атсалысуымен билік пен зиялы қауымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған жемісті аққұла еңбегі - «Сарыарқа кітапханасы» топтамасынан шыққан «Арқадағы арда жыр», «Арқаның ақ таңы» атты кітаптарына енген жырларды оқырман қауымға насихаттау үшін « Өлең өлкесінің самалдары» атты жыр кеші ұйымдастырылды.

Жауынгер, жазушы, жалынды публицист Баубек Бұлқышев пен қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен орын алған жазушы, драматург Мұқан Иманжановтың 100 жылдық мерейтойларына орай «Ұлытаудың ұландары - қазақ рухының қырандары» атты рухани-танымдық кеш өтті.

Кітапханашылардың өлке тақырыбында істеліп жатқан жұмыстарын насихаттау және кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында «Рухани мұра. Өлкетану» атты семинар, «Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастырудың жаңа түрлері» - зерделі кеңес ұйымдастырылды.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы» атты оқырмандар сайысы өтті.

Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығының аясында «Жазғы демалыстан білім теңізіне» атты акция ұйымдастырылды. Акция №5 Кеңгірдегі үлгілі кітапхана -филиалы, №6 Талап кітапхана -филиалының оқырмандармен өткізілді. Акция аясында «Тәуелсіздік» атты сөзжұмбақ, «Атамекен» атты әуенді сандықша (Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімі), «Ұлт азаттық көтеріліске - 100 жыл» - тарихи ойын (Ақпаратты - библиографиялық бөлім), «Ұлы даланың дара тұлғалары» атты флешбук (Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі), «Ұлы дала тарихын ұлықтаған» атты тарихи тұлғалық пазл (Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі), «Мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын» атты көк сандыққа саяхат (Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімі) ұсынылды.

Әр кітапхананың бір -бір оқырманы өз туындыларынан көрме-шеру ұйымдастырылды: Байназарова Жібек (С.Сейфуллин атындағы кітапхана):«Оқырман жаны -сыр сандық»көрме - дәмді тағам, Ерназар Саят Ерланұлы (М.Әуезов атындағы кітапхана -филиалы) : «Әуестенсең әрнеге, ертең тұрар көрмеде» әуесқой-көрме, Нақай Малика Әмірбекқызы (Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы): «Өнердің жүзіп өріне» көрме -шабыт, Әсетова Гүлжанат (№2 үлгілі кітапхана-филиалы): «Сүтте сансыз сыр бар» көрме -тағам, Сұрағанова Бейсенкүл Назарқызы (№2 үлгілі кітапхана-филиалы): «Киелі өнер - қолтаңбасы» көрме - бұйым, Балтабекова Дилназ (№7 кітапхана -филиалы) «Бояулар сыр шертеді» көрме- вернисаж ұсынды.

Өлкеміздің қаржыгері М.Мусинаға арналған С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрында қалалық іс-шара ұйымдастырылып кітапхана «Арманын ақиқатқа айналдырған қаржыгер»- атты көрме, сонымен қала күніне арналған іс-шарада Халықтар достығы мен мәдениет үйінің фойесінде «Сары алтын, сары мысты өлкем менің» атты кітап панорамасы ұйымдастырылды.

Қилы - қилы замандарды бастан кешіп, қысталаң -қыспақты жолдардан өткен халқымыздың тарихындағы Ұлы тұлғалардың бірі XII - XIII ғасырлардағы ел тағдырын шешуде өлшеусіз еңбек сіңірген Ұлық би Кетбұқа. Бүгінгі «Ұлы тұлғалар өмірі» топтамасынан жарық көрген Омари Жамбылдың «Кетбұқа -жырау, аталық, қолбасшы» атты кітабы бойынша пікір - алмасу ұйымдастырылды.

«Ақ орамал» республикалық акция аясында « Ақ жаулықты ардагер аналар» атты кездесу кеші өтті.

Білім бұлағы- кітапханаларымен де қалың елге танымал. Ілім -білім бұлағы кітап атаулының шоғырлаған мекемесі - кітапхана адамзат баласының рухани тыныс - тіршілігінің айнасы іспетті М.Әуезов атындағы қастерлеген қара шаңырақтың 65-жылдық тарихынан сыр шертетін « Шежірең бар таусылмайтын сан қырлы» атты әдістемелік құрал шығарылды.

Кітапхана сайты zhezbiblioteka.kz «Білім шуағын төгетін нұрлы мекен» атты М.Әуезов атындағы кітапхана филиалына - 65 жылдығына bibioauezov блог ашылды.

«Бір өлке-бір кітап» акциясын жариялағанына да 5-жыл толуына орай «Рухани мұрамызды сақтайтын - "ҰЛЫТАУ КІТАПХАНАСЫ" атты -әдістемелік мультимедиялық құрал шығарылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен Қайыргүл Тұяқбайқызы Елубекова -Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік бөлімінің жетекшісі марапатталды.

Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Құрмет белгісімен» Роза Абылханқызы Нұрышева - Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі марапатталды.

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Үздік кітапханашы» номинациясы және 50000 теңге ақшалай сыйлықтың иегері: Қуаныш Мұхаммедияқызы Умбеталиева (Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы).

Жезқазған қаласының әкімінің Құрмет Грамотасымен Әбенова Айнұр Исатқызы (С.Сейфуллин атындағы кітапханасының кітапханасышы), Шегебаева Бақытгүл Қонысбайқызы (С.Сейфуллин атындағы кітапханасының кітапханасышы), Утебаева Айнұр Тұрсынбекқызы(№9 үлгілі кітапхана -филиалының меңгерушісі), Жезқазған қалалық мәслихатыныңҚұрмет грамотасымен Рахаева Ғалия Кұрманқұлқызы (БЖК кітапханашысы) марапатталды.

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен өткізілген, облыстық жастар Интернет - фестиваліне белсене қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды. Олар: Абдыгожин Жанат (№9 үлгі к/ф), Әубәкір Гүлайым (М.Әуезов атындағы к/ф), Фазыл Мөлдір (М.Әуезов атындағы к/ф), Бекмырзаева Айгерим (М.Әуезов атындағы к/ф), Қожахмет Айнұр (М.Әуезов атындағы к/ф), Құсайынова Аида (БЖК), Маклаев Дмитрий (БЖК), Серова Александра (БЖК), Шохаманова Арайлым (БЖК), Козыбаева Жаннұр (БЖК), Байдаралинова Эльмира (БЖК), Сакташ Зере (БЖК).

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында өткен «Виртуалды әлемге ен»атты облыстық сурет байқауынан Джемалудинов Эмиль -«Сен және техника» номинациясымен (Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы), Голушко Христина - «Тарих» номинациясымен (Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы) марапатталды.

2017 жылы «Ұлытау үні» фестивалінің аясында қалалық деңгейде С.Қожамқұлов атындағы сазды драма театрының фойесінде «Ұлттық өнерді ұлықтаған», ақын, жыршы, термеші Шынболат Ділдебаевтың туғанына 80 жылдығына арналған «Шындықтың ақтангері» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және «Қаламгерлер» клубының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы кітапхананың мәжіліс залында барлық ОКЖ-сінің кітапхана -филиалдарының бірігумен Қазақстан Жазушылар Одағы, Журналистер одағы, Театр қайраткерлері одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, жазушы Апбаз Қаражігітовтың шығармашылығына арналған «Қайсарлықты үйренген дала қырдан» атты әдеби -қонақжай ұйымдастырылды. Іс-шарға 95 жасты алқымдап қалған абыз қаламгеріміз өзі қатысты.

Елдігімізді ұлықтайтын ерекше мереке - Астана күні қарсаңында С.Сейфуллин атындағы кітапхана халықтар достығы мен мәдениеті үйінде «Ғасырлармен үндескен рухы асқақ Астана! » атты көрме ұйымдастырылды.

Тамыз айынан бастап Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-нің директоры болып Ғалия Өмірзаққызы Түгелбаева тағайындалды.

Электронды -ресурстық зал ашылды.

«Ұлытау кітапханасы» топтамасы бойынша «Кенді өлкенің рухани қазынасы», «Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш елбасы» атты виртуалды көрмелер ұйымдастырылды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кітапхана жұмысын ақпараттандыру және автоматтандыру» тақырыбындағы аймақтық семинар өтті. Аймақтық семинарға Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің қызметкерлері, Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің және балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Жаңаарқа аудандық С.Сейфуллин атындағы ОКЖ-сі, Ұлытау аудандық ОКЖ-сі кітапхана қызметкерлері және Жезқазған қаласының А.Байқоңыров атындағы университетінің, колледжінің, мектептерінің кітапханашылары қатысты.

«Аналар үйі» мекемесінің қатысумен «Нұрлы -Ана» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі Наурыз тойына орай №9 үлгілі кітапхана - филиалы С.Сейфуллин кітапханасының мәжіліс залында «Наурыз-көктем шуағынан жаралған !» атты этно-думан өтті.

ЭСКПО-2017 байланысты кітапхана-филиалдарының оқырмандарының арасында «Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс» бөлімі «Оқырмандардың қолдарынан шыққан таңғажайып туындылары» атты көрме -коллаж ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы «Өрлеу» білім-ғылым технология порталында «ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ » ІІ-Республикалық байқауына ОКЖ-сінің М.Әуезов атындағы кітапхана -филиалының меңгерушісі Махмутова Анар Жамантайқызы қатысып, өзінің өткізген іс-шарасы «Тәуелсіздік жолы - нұрлы жол» үлгісін, суреттері, 5-6 минуттық видеоролигын www.ORLEU. KZ интернет ресурсына ұсынды. Арнайы коммиссиясының іріктеунен ең үздік деп табылған кітапханашылар арасынан Махмутова А.Ж. «Үздік кітапханашы» төсбелгісімен және мадақтамасымен марапатталады. Жолдаған толық мақалалары «Қазақстандық ЖОО мен орта мектептерде тәрбие мен білім беру: ізденіс және даму перспективалары II -том» - атты әдістемелік оқу құралына басылды.

Жезқазған қалалық әкімінің «Кітапхана майталманы» н о м и н а ц и я с ы және 100000 теңге ақшалай сыйлықтың иегері ОКЖ-нің М.Әуезов атындағы кітапхана - филиалының кітапханашысы Бөртебаева Қапиза, «Жыл кітапханашысы» н о м и н а ц и я с ы және 100000 теңге ақшалай сыйлықтың иегері ОКЖ-нің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Рунас Лариса Николаевна марапатталды.

Ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Ардақты әже» қалалық байқауға ОКЖ-нің Кітап қорын толықтыру өңдеу бөлімінің кітапханашысы Адиева Рауа Қожамжарқызы қатысып, «Саялы бәйтерек» номинациямен марапатталды.

Жезқазған қалалық әкімінің Құрмет Грамотасымен №7 кітапхана - филиалының кітапханашысы Гульназира Қайыркұлқызы Суиндикова марапатталды.

«Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының Құрмет Грамотасымен Ақпаратты - библиографиялық бөлімінің жетекшісі Ғалия Исламқызы Ғазизова марапатталды.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.Гогольатындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақын Қасым Аманжолов шығармашылығына арнап Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі VII Қ.Аманжолов оқуларын өткізілді. «Қазақ аспанында-Қасым рухы»-ақынның шығармашылығы бойынша эссе жазу номинациясына ОКЖ -сі № 9 үлгілі-кітапхана филиалының оқырманы Қыдырма Аян шығармашылық жұмысын жолдаған. Қыдырма Аян үшінші орынды дипломмен, 10000 тенгелік сертификатқа ие болды.

2018 жылы «АНА ҮЙІ» Қоғамдық қорымен бірлесе отырып ОКЖ-сінің №- 9 үлгілі кітапхана филиалы «Ана бақыты-бала бақыты» атты Арулар байқауын, Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамына орай №7 кітапхана-филиалы «Наурыз-ұлт құндылықтарының бастауы» атты салт - дәстүр кешін өткізді.

Халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің ХХVІІІ аймақтық Ұлытау үні фестивалінің аясында Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Мәдениет қайраткері Мөрлібек Мұратбаевты еске алу кешінде «Жылдар мен жолдар»атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Жылдар мен жолдар» атты бейнебаян шығарылды.

Халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің ХХVІІІ аймақтық Ұлытау үні фестивалінің аясында қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған аймақтық күйшілер сайысында С.Сейфуллин атындағы кітапхана «Сыры бар небір тылсым күйлерінде» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

М.Әуезов атындағы кітапхана -филиалында қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 10 жыл» медалінің иегері, Түркияның Сапанша қаласында өткен халықаралық жыр мерекесінде «Ақшам жұлдызы» арнайы сыйлығын иегері, Ресей Халықаралық Жазушылар ұйымының С.Есенин атындағы Алтын медалінің иегері ақын Ғалым Жайлыбайдың 60 жас мерей тойына арналған «Жезқазған-жерұйығым жүректегі...» атты жыр кеші өтті.

С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды - драма театрының фойесінде ақын Ғ.Жайлыбайдың қатысуымен өткен кездесу кешіне «Жүрегіне жыр ұялаған ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхананың «Жас толқын» поэзия мүшелері ақынға арнап жазған арнауларын көрме алдында оқыды. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін, кітаптар топтамаларынан «Ардакүрең 60 жас» атты буктрейлер жасалып, көпшілік назарына ұсынылды.

Дауылпаз ақын, батыр, жырау, күйші Махамбет Өтемісұлының 215 жылдығына арналған «Қайыспас қара нарды Махамбетім» атты жыр кешін С.Сейфуллин атындағы кітапхана өткізді.

Ақын Ғазиз Елеусізбайұлы Ештананаевқа «Жүрек сөзін жырмен айтып келемін» атты және ақын Кенжебай Карбозұлы Ахметовке «Өлендерім - гүл ашқан бүршік еді» атты тақырыппен өлеңдерін насихатауға арналған буктрейлер ұйымдастырылып, кітапхана сайтына: zhezbiblioteka.kz , кітапхана фейсбугы: Жезқазған қалалық С.Сейфуллин атындағы кітапханаға жүктелді.

«Орталықтандырылған кітапхана жүйесі»К ММ-нің қарасты 11 кітапхананың негізгі көрсеткіші: Кітап қоры - 257741 дана кітап, оның ішінде мемлекеттік тілде-98844 Оқырман саны -18227. Кітап берілімі-360901. Келушілер саны-198663

С.Сейфуллин атындағы кітапхананың негізгі көрсеткіші: Кітап қоры - 69850 дана кітап, оның ішінде мемлекеттік тілде-21706. Оқырман саны -3000 жуық. Кітап берілімі-69600- дей. Келушілер саны-31500-ден астам.

С.Сейфуллин атындағы кітапхана 45 жыл| 2018|Сайтымызға қош келдіңіздер!!!
Создано с помощью Webnode
Создайте свой сайт бесплатно! Этот сайт сделан с помощью «Webnode». Создайте свой собственный сайт бесплатно уже сегодня! Начать