Клуб "Қаламгерлер" 

«Қаламгерлер» клубының ЕРЕЖЕСІ:

Қаламгерлер клубы - өлкедегі ақын, жазушылардың басын қосу, оқырмандар мен өлкенің ақын-жазушыларының арасына дәнекер болу, оқырмандардың қаламгерлік қызығушылықтарына қолдау көрсету, әртүрлі әдеби сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ұйымдастыру.

  1. «Қаламгер» клубы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ-сі С.Сейфуллин атындағы кітапханасында құрылған.
  2. Клубтың қызметі: Әдеби рухани орта қалыптастыру болып табылады.
  3. Клуб отырыстары тоқсанынабір рет өтеді. Жоспардан тысшығармашылық, әдеби кештер клуб мүшелерімен біргеақылдасыпөткізіледі.
  4. Клуб қызметікітапхана әкімшілігі бақылауында. Кітапхана әкімшілігі клубтың кездесулері мен әртүрлі іс-шаралар өткізуге қажетті шарттарды жасайды.
  5. Клуб жұмысын «Оқырмандарға қызмет көрсететін» бөлімі жүргізеді.
  6. Клуб басшылығы жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарын құрады, оның іске асырылуын ұйымдастырады, клуб мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөледі.
  7. Клуб мүшелері ақын, жазушылар клуб белсенділерін тағайындайды, олар өз тараптарынан көпшілік шараларды дайындау және өткізу кезеңінде клуб басшылығына көмектеседі.

Клубтың әлеуметтік функциясы

- Өлкенің ақын, жазушыларының шығармашылығын оқырмандарға насихаттайтын орталық.

- Ақын, жазушылардың әдеби қарым- қатынас жасайтын орта құру.

- Жастарға, аға буын қаламгерлермен шеберлік сағаттарын өткізу.

- Әдеби ортаның талқыланған өзекті іс-шараларын БАҚ -на және кітапхана сайты: www.zhezbiblioteka.kz жариялап отыру.

- «Қаламгерлер» клубының ұйымдастырумен қалалық әдеби-мәдени іс-шаралар өткізу т.б.бағыттарда жұмыстар жасау.

- Шығармашыл жастардың оқырмандармен кездесулерін, кітаптарының тұсаукесер шараларын жасау және ақын, жазушылардан бағыт-бағдар алу.

«Қаламгерлер» клубының мақсаты:

  • ·Өлкеміздің әдебиетке жаңашыр тұлғаларын «Қаламгерлер» клубына тарту;
  • Әрбір оқырманның Өлкелік ақын, жазушылардың шығармашылығына деген құштарлығын арттыру;
  • Жас талапкерлердін өз қаламдарын ұштауға, талаптарын кеңейтуге көмек көрсету;
  • «Әдебиет және ізгілік» тақырыбы аясында бас қосулар өткізіп, жас қаламгерлерге ішкі сезімін дұрыс бағытта тәрбиелеуге әдеби кеңестер беру.
  • Егер өз бойыңызда шығармашылық деген дарын яғни поэзия, прозаға әуестеніп, әңгіме, эссе, жыр жазумен шұғылданатын болсаңыз немесе өлкелік ақын, жазушыларының талап-деңгейлері туралы білім алуға деген құмарлығы бар жан болсаңыз Сіз "Қаламгер" клубына мүше бола аласыз.

«Қаламгерлер» клубының құрамы:

«Қаламгерлер» клубының төрағасы:

1. Батырбек Мырзабеков - Қазақстан Жазушылар Одағының Жезқазған қалалық филиалының төрағасы.

 Клуб мүшелері:

2.Аппаз Қаражігітов 

3.Ғазиз Ештанаев

4. Базарбай Әлеуханұлы

5. Кенжебай Ахметов

6.Сара Смағұл

7. Көбейсін Еңсебаев

8. С.Қожамсейітов

9. Ізтілеу Түсіп

10. Алмагүл Үмбетова

11. Света Жумкина

12. Эльвира Алпанбаева

13. Бағдат Байжантаев

14. Дархан Мұқантегі

15. Ернұр Сейдахмет

С.Сейфуллин атындағы кітапхана 45 жыл| 2018|Сайтымызға қош келдіңіздер!!!
Создано с помощью Webnode
Создайте свой сайт бесплатно! Этот сайт сделан с помощью «Webnode». Создайте свой собственный сайт бесплатно уже сегодня! Начать